Астанадағы пәтерлердің бағасы арзандады

Баспана нарығындағы сараптамалық көрсеткіште көрсетлгендей, бұған дейін 1 шаршы метрдің құны 344,9 мың теңге немесе 1010 доллар көлемінде болды.

Ал қала аудандары бойынша алғанда Есіл ауданындағы пәтерлер құны 15 пайызға дейін арзандаған. Осы аудандағы пәтерлердің орташа бағасы 30,4 млн теңгені құраған. Пәтер бойынша бағамдар болсақ бестен жоғары бөлмесі бар баспананың құны көбірек арзандаған.

Астанадан пәтер алғысы келгендер орташа 25,8 млн теңгемен ала алады. Оның сыртында 13 млн теңгеге — 1 бөлмелі, 20 млн — теңгеге 2 бөлмелі пәтер алуға болады.

Айта кетейік, қаладағы «қымбат» тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа бағасы — 483 мың теңге деңгейінде, ал «арзаны» — 239 мың.