Мейрамханалар мен кафелер тұрғындарды қалай алдап отыр?

Нақтырақ айтсақ, демалыс орындарының иелері «депозиттік жүйе» енгізіп, қарашаның қалтасын заңсыз қағып жатыр. Мысалы, кароке, түнгі клуб, мейрамханаға бара қалсаңыз, бізде депозиттік жүйе деп шығатын әкімшіліктің сөзін сіздерде жиі еститін шығарсыздар. Бұл жүйе қаншалықты заңды?

Мейман күтуде өзара бәсекелестігі күн санап артып келе жатқан мейрамханалар, бұл күндері тұтынушыға жаңа талаптар қоюда. Ресторан не болмаса кафеге кіре қалсаңыз сізді депозиттік жүйе күтіп тұрады. Еліміздің көптеген демалыс орындары, өздеріне осындай ноу хау енгізіп алыпты.

Депозиттік жүйе дегеніміз бұл мейрамханаға кіріп келгеніңізде ішіп жейтініңізге ақшаны алдын ала төлеу. Бағаны ресторан иесі өзі бекітеді. Төлеп қойған қаражатыңызды толық жұмсамасаңыз, қаражатыңыз кері қайтарылмайды.

Кешкі асты үйден емес, рестораннан ішуге бекінсеңіз қалтаңызға қаражатты толтыра барғаныңыз жөн. Қазір кафедегі бір үстелді жалдау үшін ең кемі 10 мың теңге төлейсіз. Олай болмаса сізді мұнда кіргізбейді. Сондай ақ ұсынылған қызмет үшін сіз өзіңіздің шотыңыздың 10 пайызын төлеуге міндеттісіз. Айта кетейік еуропа елдерінде мұндай талаптар жоқ.

«Депозиттік жүйе бұл тұрақты түрде түсіп отырған қаражаттан қағылмау үшін жасалған дүние. Қазір қаладағы караоке, түнгі клубтар, өзге де демалыс орындары осындай жүйеге көшіп алған. Бұл жерде клиенттердің пікірі ескерілмейді. Тек ресторатордың қалтасы одан әрі тола түсуде. Ең кемі адам басына 5000 теңге ал бір үстелді жалдау үшін 10 мың теңгеден басталып 100 мыңнан асып жатады. Енді өздеріңіз есептей берсеңіздер болады», — дейді мейрамхананың арт директоры Владислав Лигай.

Алайда тұтынушының құқығын қоғау орталықтары мұнымен келіспейді. Қолданылмаған қызмет түріне ақы алу, қалтаңызға ашық түрде ұры түскенмен тең дейді олар. Және мамандар депозиті бар ресторандармен қалай күресу керектігін айтып өтті.

«Кімге және не үшін? Мен тапсырыс бере отырып, шамамен қанша ақша жұмсайтынымды есептеймін ғой. Желінбеген тағам түріне, ішілмеген сусынға мен неліктен ақша төлеуім тиіс? Бұл дегеніңіз заңға қайшы әрекет, алаяқтық! Бұл заңмен қатаң жазаланады. Артылып қалған ақшаңызды қайтармаса бірден құқық қорғау органдарына хабарласу керек. Ал олар өз кезегінде барлық мәселені шешіп беруге міндетті», — дейді тұтынушылар құқығын қорғау орталығының басшысы Артық Сейітқалиева.

Бұқараның басым бөлігі депозиттік жүйеге қарсы. Әйтседе оларда өзге таңдау жоқ. Өйткені қаладағы 70 пайыз демалыс орындары осы жүйемен жұмыс істейді.

Депозит бұл күндері жалпақ жұрттың қалтасын жұқартып, ресторатордың қазынасын керісінше, қампайтуда. Жауапты мекемелерде тексерістерін азайтып, жұрт көп жиылатын орындар тым еркінсіп ойларына келгендерін істеуде. Алайда бұл заңға қайшы әрекет. Айта кетейік аталған фактілер тіркеліп, ресторатор қалтаңызға «қол сұқса» еш қымсынбай құзырлы органдарға хабарласу керек.

Дереккөз31.kz арна