Басты бетАуыр атлетика...

Ауыр атлетика федерациясы спортшылардың Әлем чемпионатынан шеттетілуіне қатысты мәлімдеме жасады

2016 жылдың маусым айында Тбилиси қаласында өткен  IWF Атқарушы комитетінің отырысында Бейжің мен Лондон олимпиадаларында спортшылары антидопингтік заңнаманы үш және одан көп рет бұзған мемлекеттерді жарыстан бір жылға шеттету туралы шешім қабылданған еді. Оған тоғыз мемлекет енді, қатарында Қазақстан да бар.

Осыған байланысты ҚР Ауыр атлетика федерациясы мәлімдеме жасады:

«30 қыркүйек — 1 қазан күндері Бухарестте (Румыния) Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Атқарушы комитетінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында IWF-тің мәселелері, атап айтқанда, салмақ категорияларының саны мен Олимпиада ойындарының квалификациялық ережелерін өзгерту және тағы сол сияқты мәселелер талқыланды. Отырыс кезінде талқыға түскен антидопингілік шаралар БАҚ пен Халықаралық олимпиадалық комитеттің ерекше назарын аударды. Бұл сұрақтар ауыр атлетиканың болашағына тікелей байланысты. Бейжің (2008) мен Лондондағы (2012) Олимпиада ойындарына қатысушылардың сынамаларына «қайта сараптама жасау» кезінде допингтің сан мәрте анықталуына байланысты IWF қазір ерекше назарда. Күтілгендей, Атқарушы комитеттің мүшелері «Тбилиси шешімін» қайта қуаттап, арнайы комиссияның кеңесі негізінде оның орындалу жолдарын талқылады. Қазақстандық федерация аталған мәселелер талқыланған барлық сатыда бірнеше себептер бойынша өзіне санкциялардың енгізілуін әділетсіз екендігін айтқан болатын. Федерацияның басқарушы құрамы толықтай ауыстырылып, антидопингілік саясат жетілдіріліп, қатаңдатылды. Осының нәтижесінде, 2016 және 2017 жылдары қазақстандық атлеттерден тыйым салынған препараттар табылған жоқ. Күтіліп отырғандай, негізгі тәртіптік шара — ҚР ересектер құрамасының 12 айға шеттетілуі болмақ. Арнайы комиссияның 9 елдің допингке қарсы күрес саласындағы ахуалына жүргізетін мониторингісінің қорытындысы негізінде шеттету мерзімі бұдан да ерте аяқталуы мүмкін»,-дейді федерация.