100 жаңа есім: Аралық қорытынды шықты

Жобаның аралық қорытындысы шығарылды.

«Қазіргі уақытта іріктеу арқылы 515 кандидаттан тұратын аралық пул жасақталды. Бұған қоса, арнайы комиссияның әрбір мүшесі аталған таңдауды шектемей, кандидаттардың жалпы санынан өзінің пайымынша, барынша лайықты дегендерді дербес қоса алады. Барлық өтінімдер 100esim.el.kz порталында орналастырылған», — деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, арнайы комиссия 515 адамның ішінен 300 кандидатты іріктеп алады және олар жалпыхалықтық дауыс беруге ұсынылатын болады.

«Сіздерден қазан айының басына жоспарланып отырған қоғамдық онлайн дауыс беруге қатысу үшін 300 кандидаттан тұратын тізімді қалыптастыру бойынша ұсыныс күтеміз. Осылайша, алдын ала 220 кандидат іріктеп алынса, ендігі уақытта жұмыс тобы 515 кандидаттан 300-ін таңдауын күтетін боламыз. Осы 300 кандидат онлайн дауыс беруге шығарылады. Меніңше, барлық қазақстандық өз дауысын бере алады. Бұл процеске белсене қатысуға шақырамыз. Халықтық дауыс беруді қазан айының соңына қарай аяқтап, барлық санақ жүргізілгеннен кейін Қазақстанның 100 есімінің соңғы нұсқасын жариялайтын боламыз», — деді министр.