Әнші Қайрат Баекенов “Астана” командасына арнап ән жазды

Танымал композитор Қайрат Баекенов «Астана» футбол клубына арнап ән жазды.

Автордың айтуынша, туынды команданың еурокубоктағы жетістіктеріне риза болған сәтте жазылған.

Аталмыш әннің атауы “Бірге” деп аталады. Туындыны эстрада әншілері Луина мен Нұржан Керменбаев орындайды.

Айта кетейік, «Бірге» әні кеше «Астана» мен «Славия» арасындағы ойында бірінші таймнан кейінгі үзілісте алғаш рет шырқалды.