Басты бетЖаңалықтарАқмола облысы...

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жаңа басшы келді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровтың бұйрығымен ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінен бастап Қуаныш Базарұлы Бекбасов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаменті басшысы лауазымына тағайындалды.

Қуаныш Базарұлы 1971 жылы Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Саралжин кентінде дүниеге келген. Жоғары білімді заңгер.

1989-2004 жылдар аралығында ішкі істер органдарының жедел-іздестіру құрылымдарында түрлі лауазымдарда қызмет етті.

2004 жылдан бастап 2009 жылға дейін қаржы полициясы органдарында басшылық қызметтерді атқарды.

2009-2012 жылдары Қостанай облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жөніндегі департаменті басшысының орынбасары болды.

2012-2014 жылдары прокуратура органдарында қызмет атқарды.

2014 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында түрлі жауапты қызметтерде болды. Осы уақытқа дейін Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының орынбасары қызметін атқарды.