Басты бет Жаңалықтар Табысы ең көп қорқынышты фильм анықталды

Табысы ең көп қорқынышты фильм анықталды

Режиссер Андрес Мускеттидің «Ол» картинасы табысы ең көп қорқынышты фильм ретінде кинематограф тарихына енді.

Көрермендерге жақында ғана жол тартқан «Ол» фильмі прокатта 500 млн доллар жинап үлгерді. Бұл туралы Warner Brothers маркетинг бөлімінің басшысы Сью Крол мәлімдеді.

Бұған дейін «Ібілісті қуған» фильмі табысы ең көп қорқынышты кинокартина саналған еді. Фильм 441 млн доллар жинаған болатын.

«Жақсы блокбастер үшін 500 миллион доллар жинау түк те емес, бірақ қорқынышты фильм үшін шынымен тарихқа кіретін оқиға. Біз мұны мақтан етуіміз керек», — дейді Кролл.

Маркетинг бөлімінің басшысы режиссер Мускеттиді фильмнің табысымен құттықтады. Сондай-ақ, түсірілім командасы әлем көрермендерінің көңілінен шыққан фильм түсіргенін атап өтті. Кинокартина – балаларды ұрлайтын қорқынышты Пеннивайз клоуны мен жеті жеткіншек туралы.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version