Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында...

Ақмола облысында терроризммен күрес шаралары өтті

Жаттығу Ақмола облысының Целиноград және Аршалы аудандарының аумағында өтуде. Іс-шараның мақсаты — Астана маңындағы тұрақты мекенжайларда террористік көріністерге шұғыл әрекет жасау бойынша міндеттерді орындауда жедел штабтардың күштері мен құралдарының даярлығын тексеру болып табылады.

Оқу-жаттығу аясында іс-қимыл дағдылары, сондай-ақ терроризм актілері салдарын  барынша төмендету және жою бойынша іс-шаралар өңделуде. Оқу-жаттығу әртүрлі қиын элементтермен жауынгерлік жағдайға жақындатылған.