Басты бетЖаңалықтарКөкшетау әкімі...

Көкшетау әкімі Красный Яр селосының жағдайымен танысты

Соның нәтижесiнде жоғарыда аталған елдi мекендерде әжептәуiр жұмыстар жүзеге асырылды. Дегенмен де, басты назар облыс орталығына аударылатыны белгiлi. Сол себептi облыс және қала әкiмдерi айына үш-төрт рет қаланы аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысуды, шешiлмей жатқан түйiндi мәселелерге көпшiлiктiң назарын аударуды дәстүрге айналдырған.

Қала әкiмi Красный Яр селосының кiреберiсiнде жүргiзiлiп жатқан жөндеу жұмыстарына назар аударып, оның барынша сапалы жүргiзiлуiн және белгiленген мерзiмiнде аяқтауды тапсырды. Қала әкiмi сала басшыларымен алдағы уақытта Красный Яр селосы мен Чайкино поселкесiн байланыстыратын көпiрде жүргiзiлетiн жөндеу жұмыстарының жоспарын талқылады. Өте жауапты iс болғандықтан оны мамандандырылған мекемелер ғана салуы керек. Бұл iске жол полициясы мен көлiк инспекциясы, зертхана мамандары да қатысатын болады.

Коммуналдық шаруашылық мекемелерi мамандарының айтуынша, көктемде мөлшерден тыс ағын суы жiберiлгендiктен, көпiрдiң жанындағы бос топырақты шайып кеткен. Ендiгi жерде көпiр салынатын жер жан-жақты зерттеледi. Қазiргi күнi жобалық-сметалық құжаттамасы жасалуда. Қала басшысы құрылысқа пайдаланылатын материалдардың сапалы болуына баса назар аудару қажеттiгiн жеткiздi. Кеңес дәуiрiнен күрделi жөндеу көрмеген ескi көпiрмен жүру қауiптi екендiгi ескертiлдi. Қазiргi уақытта Чайкино поселкесiне күнiне үш мезгiл автобус қатынайды.

Бұдан соң қала басшысы алдағы уақытта Краснояр селолық округiнiң әкiмдiгi болып қайта жаңғыртылатын ғимаратта атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын барып көрдi. Қала әкiмi Е.Маржықпаев селодағы халыққа қызмет көрсету орталығы филиалында болды. Орталық 2010 жылдан берi сапалы қызмет көрсетiп келедi. Мұнда өтiнiш берген әрбiр адам операциялық залдың кез келген терезесiне өтiнiш берiп, аз уақыттың iшiнде түрлi құжаттар алатын болады. Бүгiнгi «бiр терезе» қағидаты қолымызды бiраз ұзартқандай. Әсiресе, уақыт жағынан ұтарымыз көп. Орталықта құжаттың ресiмделуi көп уақытты алмайды. Ең бастысы, қазiргi таңда халықтың орталық қызметiн пайдалануға деген құлшынысы артып келедi.

Селодағы «Стерх» серiктестiгi 20 жылдан берi облыс орталығын сапалы өнiмдерiмен қамтамасыз етуде. Серiктестiк директоры Виктор Кулястың айтуынша, өнiмнiң сапалы болуының басты себебi шикiзат тек жергiлiктi қожалықтардан алынуында. Шұжыққа ешқандай қоспа қосылмайды, таза ет пайдаланылады. Оны сақтау, тасымалдау талаптары қатаң сақталған. Халал технологиясына негiзделген арнайы ет турағышы да бар. Технологтың айтуынша, шұжық құрамының 85 пайызы ет болуы керек. Шұжық цехына жеткiзiлген ет алдымен сүйегiнен бөлектенiп, айырылады. Арнаулы аппарат арқылы тартылып, дәмдеуiштер қосылып, араластырылады. Қаптамаға енгiзiлiп, пеште құрамына қарай 2,5 немесе 3 сағат бойы пiсiрiледi. Сосын субұрқақта ұсталып, салқындатылған соң пеш iшiнде қақталады. Сөйтiп, тұтынушыларға жол тартады.

«Агротрейд Көкше» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi мал шаруашылығымен де, көкөнiс өсiрумен де айналысады. Қала басшысы шаруашылықтың көкөнiс алқабын аралап көрдi. Жыл сайын 250-270 гектар алқапқа картоп егiледi. Жоғары технологиямен қамтамасыз етiлген шаруашылықта картоп голланд әдiсi бойынша өсiрiледi.