Басты бетЖаңалықтарЖамбыл облысында...

Жамбыл облысында құс еті экспортқа шыға бастады

Мұнда құс еті қалдықсыз өңделеді. Жобаның құны – 2 млрд теңге. Оның 1,2 миллиарды «ҚазАгроҚаржы» компаниясымен қаржыландырылған.

Фарида Жүнісова, құс фабрикасының бас директоры: – 16 құс қорасы соғылады. Сонымен қатар инкубатор, жем дайындайтын цех қосылады. Қазіргі таңда Қазақстанның барлық аймақтарына кетіп жатыр. Әрі қарай да бізге көмек болса, 20 мың тонна құс етін шығаруға дайындалып отырмыз.

Отандық тауарға сұраныс жоғары. Жуырда Ресейге 10 тоннадан астам тауық еті экспортқа жөнелтілді. Қазір көлемін ұлғайту мақсатында Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Нұрдәулет Тілеубаев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жамбыл облыстық филиалының бас маманы: – Ұлттық фондтан 6 пайызбен қаржыландырылып отыр. Бұл өте тиімді үстемақы болғандықтан, осы жоба нәтижелі жұмыс атқаруда. Нақты ауыл шаруашылығын қолдауға «ҚазАгроҚаржы» арқылы 1 миллиардқа жуық қаржы бөлінді және 733 жұмыс орны ашылды.

Жалпы елімізде «ҚазАгроҚаржы» ұлттық холдингі арқылы ет және жұмыртқа бағытындағы 24 құс фабрикаларының құрылысы қаржыландырылған. Осының арқасында соңғы 6 жылда отандық құс фабрикаларының өндірісі 136 пайызға жетіп отыр.

Дереккөз24.kz