Көкшетау қаласының сыртын қоқыстан тазарту ісі қолға алынды

Көкшетау қаласының аумағын қоқыс орнына айналдырып, тұрмыстық қалдықтардың қолдан жасалған үйiндiлерi қоршаған ортаға зиянын тигiзiп келедi. Бұл мәселе қала әкiмдiгi тарапынан қатаң бақылауға алынған едi. Қазір «Аника» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi тазарту жұмыстарын бастап кеттi.

Басты мақсат — қала аумағындағы барлығы 8 мың гектар жердi қоқыстан түгел арылту. Қар түскенше 4 мың текше метр жер тазартылмақ. Бұдан бұрын да, қазiр де халық тұрмыстық қалдықтарды тиiстi полигон аумағына емес, қала маңына төге салуды әдетке айналдырып келген. Ендi бұл мәселе қатаң бақылауға алынбақ. «Аника» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi «Бұқпа» мемлекеттiк мекемесiне қарайтын «Шағалалы», «Бiрлiк», «Шауқарға шоқысы» сияқты учаскелерден күнiне 200 тоннадан астам қоқыс-ты алып тастамақ. Оны қабылдайтын полигон бақылаушыларымен де келiсiм-шарт жасалған.

Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасына қарасты «Бұқпа» мемлекеттiк мекемесiнiң директоры Марат Рахметуллин айтты. Осы iстi атқаруға 5 бiрлiк техникасы жұмылдырылған. Таңғы 8-ден жұмыстарын бастайтын олар айналасы он күннiң iшiнде қала маңын түгел тазартпақшы. Мұнымен қоса табиғатқа жанашырлықпен қарау туралы түрлi акциялар ұйымдастыратын мекеме бұл жұмыстарды ары қарай жалғастыра бермек.