Ақмолалық биатлоншылар жазғы ел чемпионатында 10 медаль иеленді

Жарыс жасөспірімдер мен  ересектер арасында өтті. Жеңімпаздар спринт, синглмикс (1 қыз және 1 ұл эстафетасы) және қуу түрлері бойынша анықталды. Ақмола облысы құрамасы сапында болған 11 биатлоншы 10 медаль олжалады. Оның үшеуі  алтын медаль.

Нақтырақ айтсақ, Алина Слепенко мен Петр Ермоленко (ұлдар мен қыздар) жұбы синглмикс бойынша бірінші орын, Анна Кистанова мен Тимур Хамитгатин жұбы үшінші орын иеленді. Сонымен қатар, жекелей сынға түскен Петра Ермоленко күміс, Алина Райкова күміс және қол медаль, Роман Еремин күміс медаль олжалады.

Ал, нысана көздеу мен жылдамдығы жағынан қарсыластарынан оқ бойы озған  Анна Кистанова 2 «алтын» және 1 «қола» жүлдегер атанса, Алина Слепенко тағы бір қола  медаль салды.