Жас ғалымның өнертабысы – газ құбыры тартылмаған шалғайдағы ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарын көгілдір отынмен қамтуда таптырмайтын дүние. Айдана мал тезегінен жылу алу үшін әлемде кеңінен қолданылып жүрген биогаз өндіретін металдан жасалған қондырғыны пайдаланған.
Жас өнертапқыш ғылыми жетекшісімен бірге малды ауылда тәжірибе жүргізіп, жаңа қондырғыны сынақтан өткізген.
Ғылыми жетекшісі Биғожа Оңдасынның айтуынша, қондырғы жазда күн энергиясынан, қыста электр энергиясынан қуат алады.
«Малдың тезегі, қиы керек. Осы тезекті анау қондырғыға салып, жаз мезгілінде күн энергиясын пайдалануға болады, қысқы мезгілде аз ғана электр энергиясымен қыздыруға болады. Сөйтіп, белгілі бір температурада біз биогазды алсақ, ол ауылдарда, мал шаруашылығы жерлерінде толықтай газбен қамтамасыз етілуге болады», — деді физика-математика ғылымдарының кандидаты Биғожа Оңдасын.