Көкшетауда газ құрылғыларын пайдалануға қатысты жадынама жасалды

Тұрмыстық газдың (пропан) жану және жарылу қаупi жоғары екендiгi баршамызға мәлiм. Газды қолданудың салдарынан орын алған өрттердiң көп бөлiгi газ плиталары мен баллондарын қолдану кезiндегi ережелердiң бұзуылуы салдарынан орын алады.  Ал Көкшетауда өткен iс-шара халық арасында өрт қауiпсiздiгiн насихаттау және газ баллондары мен құрылғыларының жарылуын алдын-алу мақсатында қолға алынған едi.

Басқарма қызметкерлерi газ құю станциялары мен газ құрылғыларына қызмет көрсетушi станцияларында рейдтердi өткiзуде. Қызметкерлер бұл мекемелердiң басшылығымен, қызмет көрсетушi адамдармен, келушiлермен сұхбат өткiздi. Аталмыш мекемелердiң басшылығы бұл басманы қолдап отыр: олар жадынамаларды iлiп, келушiлерге таратуда.

Қымбатты астаналықтар мен қала қонақтары! Көкшетау қаласының ТЖБ ескертедi:

Тұрмыстық газдың жарылудың негiзгi себептерi:

1.тұрмыстық газ баллондары мен газбен қамтамасыз етудiң орталық жүйелерiндегi газды қолданудың ережелерiн сақтамау;

2.газбен қамтамасыз етудiң орталық жүйесiн монтаждау кезiндегi бұзушылықтар:

3.тұрмыстық газ баллондары мен газбен қамтамасыз етудiң орталық жүйелерiн ақаулары;

4.газ плиталарының ақаулығы;

5.газ баллонды дұрыс орнатпау;