«Qazaqstan» телерадиокорпорациясы Азия — Тынық мұхиттық хабар тарату одағына енді

ABU одағымен қарым-қатынастың аясында Азияның 34 елінде станциялары бар спутниктік Asiavision телевидениесімен ақпарат алмасатын болады. Телерадиокорпорация қызметкерлерінде ABU ұйымдастыратын халықаралық семинарлар мен тренингтерге қатысуға мүмкіндік пайда болады.

«Qazaqstan» телерадиокорпорациясы әлемдік теленарыққа шығуды көздейді. Сондықтан халықаралық серіктестіктердің дамуына үлкен мән береді. Ал, ABU-ға мүше болу — осы стратегия аясындағы маңызды қадам. Себебі бұл ынтымақтастық, ABU одағының құрамындағы 69 мемлекеттегі 272 телерадиокомпаниялармен тығыз іскерлік қарым-қатынас орнатуға септігін тигізбек» — дейді Ұлттық арна өкілдері.

Айта кетейік, Asia – Pasific Broadcasting Union – коммерциялық та, үкіметтік те емес, кәсіби қауымдастығы — 1964 жылы құрылған. Ол Азиялық аймақтағы хабар таратуды дамытуға, хабар таратушы телерадиокомпаниялардың өзара халықаралық ынтымақтастығын жақсартуға бағытталған.

 

Дереккөзbaq.kz