Басты бетЖаңалықтарМәлік Мырзалин...

Мәлік Мырзалин Қосшы кентінің шаруашылығымен танысты

Мемлекет басшысының елiмiзде табиғат жағдайына тәуелсiз және өнiм көлемi де бiршама жоғары суармалы егiстiктi дамыту, таяу жылдарда оның көлемiн 600 мың гектарға жеткiзу жөнiндегi тапсырмасына орай, бiздiң облысымызда да айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.

«Grean star» серiктестiгiнiң директоры И.Чункуновтың айтуынша, суармалы жер алқабына картоп, көкөнiспен бiрге сәбiз, қызылша дақылдары да егiлiптi. Қазiр осындай 300 гектар жерге егiлген дақылдарды серiктестiк еңбеккерлерi жинауда. Суармалы алқаптан түсетiн өнiм көлемi де жоғары екен. Биылғы жылы серiктестiк 4 егiстiктi суаратын шетелдiк құрылғы сатып алыпты. 2019 жылға дейiн осындай 13 құрылғы сатып алып, суармалы егiншiлiк алқабын 1000 гектарға дейiн жеткiзбек. Қазiргi заманғы құрылғылармен жабдықталған серiктестiк қоймасы 5 мың тонна өнiмдi сақтай алады және мұндағы жұмыстардың бәрi автоматтандырылған.

Облыс басшысы суармалы егiншiлiктi дамытып отырған шаруашылықтағы атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын берiп, жүзеге асырылып жатқан бұл жоба «Елбасы жүктеген «Астананың азық-түлiк белдеуi» бағдарламасын одан әрi дамытуға өзiндiк септiгiн тигiзедi»,- дедi.