Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрін қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовпен кездесіп, ҚР Қарулы күштерінің қазіргі жағдайын талқылады.

Қорғаныс министрі еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі жағдайы, сондай-ақ министрліктің жұмыс жоспарларының іске асырылу нәтижелері жөнінде мәлімдеді.

Сәкен Жасұзақов мемлекет басшысына «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының қорытындылары туралы баяндап, оны өткізу барысында өңірлік қолбасшылықтың әскери барлау-басқару жүйесінің қолданылғаны жөнінде де есеп берді.

Кездесу қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.

5 пікір

  1. Жұмыстың əрі қарай нық қадаммен дамитынына сеніміміз мол. Не дегенмен барлығы басшы қадағалауында ғой…

  2. Осы министрлік іш сыртқы қорғанысымызға жауап береді, сондықтан Елбасының бұған жіті көңіл аударатыны анық. Бәрі жақсы болсын.

  3. бізде Қорғаныс саласы аса жауапкершілікпен нәтиже көрсетіп жүрген салалардың бірі, сондықтан бәрекелді дейміз!

  4. Елбасы ішкі істерді қадағалауда бір мықтап қолына алған сынды, сәттілік серігіңіз болсын!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version