Қорғаныс министрі еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі жағдайы, сондай-ақ министрліктің жұмыс жоспарларының іске асырылу нәтижелері жөнінде мәлімдеді.
Сәкен Жасұзақов мемлекет басшысына «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының қорытындылары туралы баяндап, оны өткізу барысында өңірлік қолбасшылықтың әскери барлау-басқару жүйесінің қолданылғаны жөнінде де есеп берді.
Кездесу қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.