«Мектеп қабырғасында ақша жинауға қатаң тыйым салынған. Сондықтан бұл туралы ата-аналарға, ұстаздар қауымына арнап хабарландыру ілдік»,-дейді Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Жылқыбаева.
Мектептің жөндеу жұмыстары, тазалық заттары мен оқу құралдары мен кітаптарға мемлекеттен тиісті қаржы қарастырылған.
«Сондықтан ата-аналардан ақша жинауға еш негіз жоқ», – дейді Алматы қалалық білім басқармасының мамандары.
Брифингте оқушыларды қаладағы мәдени орындарға баруға мәжбүрлеуге тыйым салынғаны айтылды.