Басты бет Жаңалықтар Алматыда халықаралық Болат Тұрлыханов кубогы өтеді

Алматыда халықаралық Болат Тұрлыханов кубогы өтеді

Тұңғыш рет Алматыда халықаралық Болат Тұрлыханов кубогы өтеді. Аталмыш спорт жарысы жыл сайын өзге қалаларда ұйымдастырылып келе жатыр.

Биылғы додаға Қазақстан балуандарынан өзге Грузия, Ресей, Корея, Беларусь, Иран, Армения, Венгрия, Грекия, Украина, Польша, Литва, Түркия, Таиланд, Өзбекстан Тәжікстан, Қырғыстан бастаған 16 елдің ең танымал балуандары қатысады.

Балуандар сайысы Алматыдағы  «Халық Арена» спорт сарайында өтеді.

Халықаралық Болат Тұрлыханов кубогы Бүкіләлемдік күрес кеңесінің (UWW) күнтізбесіне енгізілген болатын. Осыған орай балуандар олимпиадалық ойынға жататын 59, 66, 75, 85, 98 және 130 келі салмақ дәрежелері бойынша сынға түседі.

Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары 3 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алса, екінші орын иегері 2 мың, үшінші орын алғандар 1 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы және арнайы медальдармен марапатталады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version