«Ресми жұмыс істейтін, еңбек ететін азаматтар үшін қызметкерлердің демалысы үшін қолайлы жағдай жасау және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында ҚР үкіметі демалыс күндерін 2016 жылдың 5 наурызынан (сенбі) 2016 жылдың 7 наурызына (дүйсенбі) ауыстыру туралы қаулы етеді», – делінген хабарламада.
Қажетті өнім шығару, қаржыны қоса алғанда қызметтерді көрсету, сондай-ақ құрылыс нысандарын қолданысқа енгізу үшін еңбек, материалдық және қаржылық ресурстар қамтамасыз етілетін ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша жұмысты 2016 жылғы 7 наурызда жүргізуге құқық беріледі.
Аталмыш күні жұмыс Қазақстан Респуликасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.