Басты бет Қоғам Twitter желісіндегі символ көлемі көбейеді

Twitter желісіндегі символ көлемі көбейеді

Twitter желісі 280 символ көлеміндегі хабарламаны орналастыруға мүмкіндік беретін жаңа функцияны сынақтан өткізуде. Бұл жайлы компанияның ресми блогында айтылды.

Ағылшын тілінде жазатын пайдаланушылар үшін хабарламаға бөлінген 140 белгі лимиті қолайсыз. Сондықтан, микроблог басшылығы 280 белгіден тұратын хабарлама жазу жобасын сынақтан өткізіп жатыр.

Бірақ, жаңа жоба жапон, қытай, корей тілдеріне қолданылмайды. Себебі, бұл тілдер онсыз да ойды аз ғана символмен жеткізе алады.

Қазіргі таңда жаңалық пайдаланушылардың шағын тобына ғана қолжетімді. Жаңа функция сынақтан өткізілуде. Оның бүкіл аудиторияға қашан енгізілетіні туралы ақпарат айтылмады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version