Ауа райы: Бүгін кей өңірлерде жел күшейеді

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерінде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары, және Алматы облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с жел болуы мүмкін.