Зейнетақы қаржысын инвестициялау — уақытша шешім

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Қазақстан билігінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) 1 триллион 450 миллиард теңгені инвестициялау бастамасын "2016 жылға арналған уақытша шешім" деп атады.

Астанада өткен үкімет отырысында бүгін Досаев «бұл уақытша шешім» БЖЗҚ қаржысын инвестициялаудың жаңа әдістері бекітілгенге дейін қабылданғанын айтты.

Оның сөзінше, БЖЗҚ-ның 350 миллиард теңгесі 2016 жылдың бюджет тапшылығын жоюға, 500 миллиард теңгеге дейінгі қаржы шетел валютасын конвертациялауға, 600 миллиард теңге экономиканы қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктердің, ұлттық холдингтер мен компаниялардың облигацияларын алуға жұмсалады.

10 ақпанда Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БЖЗҚ қаржысын «бірқатар жобаға» инвестициялау қажетін айтқан.

БЖЗҚ мәліметі бойынша, биылғы жылдың басында жиналған зейнетақы қорының қаржысы бес триллион 828 миллиард теңгеге (шамамен 16 миллиард доллар) жеткен.

ДереккөзОрталық Азия
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Президенттің 29 наурызда сөйлейтін сөзі тікелей эфирден көрсетіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді.

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қанша?

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 27 наурызға арналған бағамын белгіледі.

Коронавирус жұқтырғандар статистикасы. 26 наурыз

Елімізде кейінгі тәулікте 34 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Қазақстанның екі облысында жолдар ашылды

Екатеринбург-Алматы тасжолының екі учаскесінде Ақмола және Қарағанды ​​облыстарында көлік қозғалысы ашылды.

Елнұр Бейсенбаев Аmanat фракциясының жетекшісі болды

Елнұр Бейсенбаев мәжілістегі Amanat партиясы фракциясының жетекшісі болды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Ерлан Қошанов парламент мәжілісінің төрағасы болды

Сегізінші сайланған мәжілістің спикері болып Ерлан Қошанов сайланды.