Алдағы күндері қар жауады — синоптиктер

Қазгидромет орталығының синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Wallpapermania.eu

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағы суық антициклонның ықпалында болады. «Қазгидромет» орталығының инженер-синоптигі Айнұр Қайынбаева елімізде күн салқындайтынын және қашан қар жауатынын айтып берді.

«Батыс Қазақстаннан басқа өңірлерде Түнгі ауа температурасы төмендейді. Алдағы үш күнде ауа райы жылынбайды. 28 қыркүйек күні орталық және солтүстік облыстарда жауын-шашын түсіп, қар аралас жаңбыр жауады», — дейді Айнұр Қайынбаева.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version