АҚШ билігі Солтүстік Кореяға қарсы санкцияны күшейтті

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяға қарсы санкцияны кеңейтетін жарлық шығарғанын мәлімдеді.

Фото: 24.kz

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп бұл жайында Нью-Йоркте Оңтүстік Корея президенті Мун Чжу Инмен және Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен брифинг өткізер бүрын  мәлімдеген

Жаңа санкциялар Солтүстік Кореяның текстиль өнеркәсібі, балық аулау, ақпараттық технологиялар және өңдеу өнеркәсібіне салынған.

АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы шиеленіс Пхеньян 3 қыркүйекте алтыншы рет ядролық сынақ жасаған соң күшейген. Бұл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін Солтүстік Кореяға жаңа санкциялар салуға мәжбүрлеген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version