Ақтөбеде алты айлық нәрестенің жүрегіне ота жасалды

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы балалар кардиохирургия бөлiмiнiң меңгерушiсi Дмитрий Горбуновтың айтуынша, сапардың мақсаты – облыстық балалар клиникалық ауруханасының жұмысымен, жетістіктерімен танысу, тәжірибе алмасу, сондай-ақ, шеберлік сабақтарын өткізу барысында жүрекке күрделі оталар жасау. Сондай-ақ, ол қазір балалар арасында мұндай аурудың түрлері көбейіп бара жатқанын, елімізде мың баланың жеті-сегізіне жүрек ақауының ауыр және жеңіл түрлеріне ота жасалатынын айтты.

Ақтөбе облысында ғана жылына 20 мыңға жуық сәби дүниеге келсе, оның 140-160-сы осы ауруға шалдығады екен. Маманның сөзіне қарағанда, туабітті жүрек ақауының жеңіл және ауыр түрі болады. Өткен жылдан бері ақтөбелік мамандар ақаудың екі түріне де ота жасай бастапты. Алайда, көбіне туабітті және күрделі жүрек ақауы бар науқастар Астанадағы орталыққа жіберілетін көрінеді.

ДереккөзЕгемен

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ертең кейбір өңірде 41 градусқа дейін ыстық болады

5 маусымда елдің кей өңірінде 41 градусқа дейін ыстық болады. "Қазгидромет" РМК синоптиктері осыған байланысты ескерту жасады. 

Бүгін мектептерде соңғы қоңырау соғылады

Бүгін, 1 маусымда еліміздің барлық мектебінде оқу жылы ресми түрде аяқталады. Білім ошақтарында салтанатты жиын өткізу жоспарланған.

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Анкараға барады

Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусым күні Режеп Тайып Ердоғанның шақыруы бойынша Анкараға жұмыс сапарымен барады.

Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 30 мамырға арналған бағамын белгіледі.

Президент: Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді

Президент 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Twitter-де арнайы жазба жариялады.

Ордабасы ауданында медициналық нысан ашылды

Ордабасы ауданының Қараспан ауылдық округіне қарасты Көлтоған елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Бұл медициналық нысан 1400-ге тарта тұрғынға қызмет көрсетеді. Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісуге арнайы...