Басты бетЖаңалықтарАқмолада рухани...

Ақмолада рухани жаңғыруды қолдауға шақырған резолюция қабылдады

Шараға Көкшетауда орналасқан №5510 әскери бөлімінің офицерлері мен жауынгерлері және төтенше жағдайлар департаменті мен қорғаныс департаменті мамандары қатысты. «Ұлан» ұлттық гвардиясы бас командашысының орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатов Елбасы мақаласынан туындайтын міндеттер мен жастар арасында отансүйгіштік қасиетті дамыту жайында айтып берді.

«Отансүйгіштік қасиет адам бойына ұлттық сана мен салт-дәстүр негізінде дарыйды. Елбасы мақаласында көтеріліп отырған ұлттық код дегеніміз де осы», -деді ол.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының хатшысы Марал Жақыпова Елбасы мақаласында көтерілген рухани жаңғыру халықты жоғары биіктерге бастайтын батап өтті.

Шара Мемлекет басшысы мақаласынан туындайтын рухани жаңғыруға қатысты бастамаларды қолдауға шақырған резолюция қабылдаумен аяқталды.