Елімізде «I’m a singer Kazakhstan» байқауы басталды

Бағдарлама бойынша, эпизодта танымал әндердің романсынан бастап рок-каверіне дейінгі нұсқалары шырқалды. Симфониялық оркестрмен басталып, жанды бэнд жалғасқан музыкалық сүйемелдеу шоудың ерекшелігі болып, оған бірегей реңк сыйлап, бағасын асырды.

Үш мың үміткердің ішінен іріктелген он қатысушы көрерменді ғажап дауыстарымен таңғалдырды. Сахна төрінде «I believe I can fly» (R Kelly), «Billie Jean» (Michael Jackson), «I feel good» (James Brown) сияқты әлемдік хит әндер шырқалды.

«31 арнаның» бас директоры Бағдат Қожахметовтің айтуынша, бұл байқау нағыз орындаушының табиғатын ашатын жоба болмақ.

«Жақсы ән — әрдайым композитор мен ақынның талантының үйлесімінен туған дүние. Бірақ оны жоғары деңгейге көтеріп, культке айналдыру орындаушының ғана қолында. Мен барлық түсірілім процесіне қатыстым. Менің ойымша, «I’m a singer Kazakhstan» жобасы нағыз орындаушының табиғатын ашатын байқау. Бұл байқау әртістің өнерді, яғни әнді жай ғана жақсы музыка шеңберінен шығарып, жауһарға айналдыру қолынан келе ме, жоқ па, анықтайды. Шоудың алғашқы шығарылымын көріп, біздің қатысушылардың арасында ондай әртістар бар екенін айта аламын», — деді «31 арнаның» бас директоры Бағдат Қожахметов.

Айта кетейік, аталмыш жоба әр жексенбі «31 арнадан» көрсетіледі.

ДереккөзKaz.tengrinews.kz