Көрме кезінде 220 ресми іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде мемлекет басшыларының қатысуымен – 28, Парламент спикерлері мен Бас хатшылардың қатысуымен – 13, Премьер-министрлермен – 10, Премьер-министрдің орынбасарларымен – 26, министрлермен – 70, министрлердің орынбасарларының қатысуымен – 48 шара өтті. ЭКСПО-2017 көрмесін 45 елдің делегациясы тамашалады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының айтуынша, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өзін-өзі толықтай ақтады.
«Шығындалған ақша көрмеге келушілердің, саяхатшылардың есебінен қайтарылды. ЭКСПО көрмесінің арқасында Астананың барлық қонақ үйлері, мейрамханалары, концерт залдары мен дүкендері толып, жақсы серпін алды. Астана бюджетінің түсімі осы жылдың ішінде бірнеше есеге артты. Кәсіпкерлер де өз қаражатын түгендеді. Мұның барлығы да елдің қоржынын толықтырды», – деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Елімізде халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу арқылы туристік қызмет көрсету саласы серпін алды. Астананың Инвестиция және даму басқармасының жетекшісі Әлішер Әбдіқадыровтың айтуынша, көрме барысында елордаға бір жарым миллионнан астам шетелдік қонақ келген. Енді Астана әкімдігі өз алдына 2020 жылға қарай миллион туристті тартуды мақсат етіп отыр.
Көрмеге жалпы саны 110 жоғарғы мансапты қонақтар келді. Олардың қатарында 19 ел басшылары, 16 премьер-министр мен олардың орынбасарлары, 11 парламент басшылары мен орынбасарлары бар. Олар көрме туралы пікірлерін жазып қалдырды.
Біз ЭКСПО 2017 зерделедік және көзбен көріп таң қалдық және мән-мәнісін ұғындық. Қазақстан алға ұмтылып дамып жатқанын көрдік. Біздер әсіресе технология саласындағы арамыздағы әріптестік қатынастардың дамуына мүдделіміз. Рахмет!
Осман Салех
Эритреи Сыртқы істер министрі
Астана, 28 маусым 2017
Астанадағы “ЭКСПО-2017» көрмесін аралап үлкен әсер алдым. Осындай ауқымдағы көрме өзекті ақпараттар, оңтайлы тәжірибе, әртүрлі саладағы алдыңғы қатарлы жетістіктермен алмасу үшін ғалымдық алаң ретінде қызмет етеді, сондай-ақ бүгін халықаралық ынтымақастықты дамыту мен жалпыға ортақ бейбітшілікті нығайту үшін тамаша мүмкіндік туып отырғаны өте маңызды.
“ЭКСПО-2017» ұйымдастырушыларға белсенді және табысты жұмыс, барлық қонақтарға жарқын, ұмытылмас әсерлер, жемісті байланыстар мен өзара түсіністік тілеймін.
Минниханов Рустам Нургалиевич
Татарстан Республикасының Президенті
12.06.2017
Қазақстанда ЭКСПО көрмесінің ашылуымен құттықтаймын! Сіздер тамаша жұмыстар жасадыңыздар және осындай ауқымы зор оқиғаға қатысу Люксенбург үшін құрмет!
Үлкен рахмет және табыстар тілеймін!
Этьен Шнайдер
Люксембургтың Вице-премьер-министрі
11 маусым, 2017
Достық пен ынтымақтастықтың белгісі ретінде және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне орай достық Қазақстанға барлық жақсы тілектерімді және қазақ халқына аман-саулық тілеймін.
Қолы, Усмонзода У
(Тәжікстан Республикасының Энергетика және су ресурстарының министрі)
12.06.2017
Болашақ энергиясына арналған ЭКСПО 2017 көрмесі мен үшін әсерлі және ауқымы зор оқиғаның бір бөлігі болып табылады. Осында ұсынылған инновациялар Қазақстанға және одан тысқары жерлерге игліктер алып келетініне мен сенемін. ЭКСПО 2017 қол жетімді, сенімді, жаңартылған энергияяны ұсына отырып, әлемнің барынша тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуіне өзінің үлесін қосатынына сенемін. «Нұр Әлем» — осы мәселелердің дәлелі. Біріккен Ұлттар Ұйымы атынан ЭКСПО 2017 қатысушылар ретінде Қазақстанға тұрақты даму және Күн тәртібі 2030 саласындағы шын ықыласты қолдауы үшін Қазақстанға алғысымызды білдіреміз. Жетістіктеріңізбен құттықтаймын!
Джихан Султаноглу
БҰҰ Бас Хатшысының көмепкшісі
ЭКСПО 2017 БҰҰ бас комиссары
12 маусым 2017
Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) Астана ЭКСПО 2017 ойластырылғандай, Сіздерге ең жарқын болшақ тілейміз.
Рональд Леман
ЕҚЫҰ (ОБСЕ) Астанадағы ЭКСПО 2017 шақыру бойынша қатысатына өте қуанышты. Біз Президент Н.Назарбаевқа, Қазақстан Үкіметіне және ЭКСПО 2017 ұйымдастырушыларға біздің Ұйымның осы оқиғаның бөлігі болуға мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтқымыз келеді.
Аймақта тұрақты энергияны жылжытуға бағытталған Қазақстанның күш-жігері сүйсіндіреді және ерекше мақтауға лайық.
Сіздерді аса ауқымды және өте маңызды оқиғамен құттықтаймыз. Біз көрмеге табыс тілейміз, ол оған лайықты, ЭКСПО болашақ энергиясы саласындағы пәрменді ынтымақтастыққа және нақты іс-қимылға өзінің үлесін қосады деген үміттеміз!
Вук Жугич
ЕҚЫҰ делегациясының басшысы
14.06.2017
Мен Астана ЭКСПО 2017 ашылуында болғаныма өте қуаныштымын. Қазақстанның павильоны ерекше әсер қалдырды.
Сіздің әсерлі елдеріңізде өткенге және болашаққа ұмытылмас сапар шектіргендеріңіз үшін үлкен рахмет. Сіздерге және Сіздің еліңізге барлық жақсылықтарды тілеймін.
Әрдайым Швейцарияға сенім артсаңыздар болады.
Дидье Буркхальтер
Швейцарияның Сыртқы істер министрі
Астана ЭКСПО 2017 рахат сезімге бөлендік! Қонақжайлылыққа, жылы қабылдауға және көрмеге қайран қалдық!
Көп ұзамай қайта келемін деген үміттемін.
Джон Мейер
Нидерланды
(«Bom Group»)
Көрменің осы тақырыбын ұйымдастырғаны үшін Астанаға, Қазақстанға рахмет. Тарих өзгерісті кезеңге таяп келеді, алайда адамдардың жаңартылған энергияны ұғынуы мен хабардар болуы біздің планетамыздың тіршілік қабілетін қолдауға мүмкіндік береді.
Т.Ламброк
Әлемнің ерекше бір ғажайыбына айналған осы шығарманы ерекше таңданыспен қарап шықтым.
Өз үлесін қосқан барлық жандарды құттықтаймын!
Абдуллах ГЮЛЬ
24 маусым 2017 ж.
Қазақстан ұйымдастырған ЭКСПО 2017 болашақ энергиясына және оның тәсілдеріне назар аудартады, халықтар болашақ үшін күш-жігерін біріктіріп, энергияның баламалы көздерін зерттеуі қажет. Әлемде барынша таза және салауатты қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін, дәстүрлі энергия өзге де ресурстармен аламасырылуға тиісті. Бұл бірегей салауатты, экологиялық таза әлем үшін жұмылған күш-жігерді бағыттауға талпыныс. Біз ЭКСПО-2017 табыстар тілейміз.
Рахмет.
Генерал Бипин Рават
Үндістан армиясы
1 тамыз 2017
Көргенім мені әсерге бөледі! «ЭКСПО-2017» көрмесінде ЕАЭО мемлекеттері мен әлемнің өзге де көптеген елдері өздерінің технологиялық және ғылыми мектептерінің күш-қуатын көрсетеді, өздерінің жетістіктерін және инновациялық әзірлемелерін көрсетеді.
«ЭКСПО-2017» ұйымдастырушыларына жинақтаған тәжірибені сақтауды тілеймін. Бірегей сәлеттік кешен технология мен инновация орталығы ретінде өз өмірін жалғастыра берсін.
Құрметпен, ЕЭК Коллении төрағасы
Қазақстандық достарды, көрмені ұйымдастырушыларды Болашақтың энергиясы» тақырыбына арналған ЭКСПО көрмесін достық және бауырлас Қазақстан Республикасының астанасында сәтті өткізгенімен шын жүректен құттықтаймын.
Түркияның жеке секторының фирмалары қазіргі заманғы Астананың құрылысы басталғаннан бері және ЭКСПО-ның үлкен ғимараттары мен инфрақұрылымының маңызды жобаларын жүзеге асыруға ат салысып жатқанын мақтан тұтамын.
Қазақстан Республикасының барлық жетістіктеріне басшылық еткен құрметті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымды білдіргім келеді.
Мен бауырлас Қазақстан сенімді қадамдармен алға жылжып, үлкен жетістікке жететініне сенім білдіргім келеді.
Реджеп Тайип ЭРДОГАН
Түркия Республикасының Президенті
9 қыркүйек 2017 ж.