Басты бет Жаңалықтар 2018 жылы коммуналды қызметтерге тариф бағасы өседі

2018 жылы коммуналды қызметтерге тариф бағасы өседі

Коммуналдық қызметтерге тариф өседі. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан энергетиканы реттеуші органдардың аймақтық қауымдастығының конференциясында Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин айтты.

Фото: Аngvremya.ru

Вице-министр қай қызмет түріне тариф қымбаттайтынын нақты айтқан жоқ.

Қазір елімізде ұзақ мерзімді тариф саясаты жүзеге асырылады. Яғни, баға ұзақ мерзімге бекітіледі.

Астанада өтіп жатқан конференцияға реттеуші органдар мен қызмет ұсынушы ірі компаниялар қатысуда.

Айта кетейік, үш күндік форумда тариф бекіту саясаты мен салаға инвестиция тарту тетіктері жан-жақты талқыланады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version