АҚШ миллиардерінің таңдауы қазақ студенті Әлібек Нұркешке түсті

Іріктеуден өткен 3 мың студенттің арасында қазақстандық тәлімгер бар. «Форбс» журналының тұрақты кейіпкері, сол басылымның дерегі бойынша 12,6 млрд АҚШ долларының иегері Стивен Аллен Шварцман 2013 жылы жомарттықтың айрықша үлгісін көрсетіп, 100 млн доллар қаржысын білімге құятыны жөнінде жариялады. Осылайша америкалық миллиардердің желеуімен АҚШ-тың – 50, Қытайдың – 25, ТМД-дан небары екі студент Цинхуа университетіне жолдама ұтты Соның бірі – Әлібек Нұркеш.

«Мені ойымша, әлемнің алпауыт экономикасына айналған Қытайдың мәдениеті, экономикасын түсіну кез келген болашақ маманға, көшбасшыға керек-ақ. Содан болар, мен 3 курстан Қытайда оқуды армандадым. Басқа достарым сияқты Америка, Англияда емес, Қытайда оқыған үлкен мүмкіндіктер әкелетінін ұқтым», – дейді Назарбаев Университетінің 4 курс студенті Әлібек Нұркеш,

Экономика және бизнес, халықаралық зерттеулер, бұқаралық саясат бағыттары бойынша білім алып жатқан студенттерден бұл білім додасына түсу үшін 4 түрлі тақырыпта эссе жазу тапсырылған. Әлібектің айтуынша, сол жұмыстардың терең мазмұны, сарабдалдығынан бөлек, қазылар ол жастардың осы күнге дейін жасаған еңбектерін, жетістіктерін түгел Әлібек Нұркеш саралайды. Ал Лондонда өткен шешуші кезеңде Еуропаның беделді тұлғалары үздік шәкірттерден сұхбат алған.

«Интервьюді көптеген белгілі кәсіпкерлер мен саясаткерлер алған болатын. Олардың қатарында Исландия президенті, ағылшын банктерінің төрағалары және шәкіртақының негізін қалаушы Стивен Шварцман бар. Ең бірінші эссе әлемде болып жатқан мәселені алып, талқылап, шешу жолдарын ұсыну керек болды. Екіншісінде өмірдегі көшбасшылық тәжірибемізді жаздық. Мен AIESEC жастар ұйымы туралы жаздым», – деді Әлібек.

Биыл өзі оқып жатқан Назарбаев Университетін тәмамдаған соң, Әлібек Қытайдың үздік жоғарғы оқу орнына магистрант ретінде қабылданбақ. Экономикасы көш ілгері елдің жетістіктерінің қыр-сырын меңгеріп келген соң, Алматы облысындағы қарапайым ауыл мектебінің түлегі «Қазақстанды азулы елдер мемлекеттер қатарына қосуға бар білімімді сарп етемін», – дейді.

Дереккөз24.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс бабымен Анкараға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға жұмыс бабымен барды. Бұл туралы Ақорданың Telegram каналында жарияланды.

Доллар 443-448 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 443-448 теңгеден саудаланып жатыр.

Қазақстанда алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанда 1-3 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.

70-ке жуық оқушыға Ақордада экскурсия ұйымдастырылды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық оқушыға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды.

Жазушы Бейбіт Сарыбай: Балаларым мінезімді өзгертті

"Әке мен бала" айдарының қонағы - жазушы Бейбіт Сарыбай. Baribar тілшілері демалыста жазушының үйіне барып, отбасымен әңгімелесіп қайтты.

Президент қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Twitter-парақшасында құттықтау жариялады.