Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем біріншілігіне жолдама алды

«Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтіп жатқан жарыстың соңғы күні Қазақстан әйелдер құрамасы Фиджи волейболшыларын 3:0 есебімен жеңді.

Ал біздің құраманың басты қарсыластары Қытай Тайбэйі Қытай құрамасына есе жіберді. Осылайша Қазақстан құрамасы 9 ұпаймен топта екінші орынға жайғасып, жолдамаға ие болды.

Айта кетейік, жарыстың екінші күнінде Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайлық Тайбэйді ұтып, Әлем чемпионатының жолдамасына бір қадам жақындаған болатын. Әлем чемпионатының жолдамасына Қытай, Аустралия, Фиджи және Қытайлық Тайбэй әйелдер құрамалары таласып, тек екі команда ғана жолдамаға ие болды.

Дереккөз24.kz