Отандық «Анаға апарар жол» фильмі «Оскар» жүлдесіне ұсынылды

Еліміздің атынан 2018 жылы Американың киноиндустрия саласындағы беделді сыйлығын иелену үшін режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» туындысы ұсынылмақ.

Аталмыш фильм 14 отандық және 4 шетелдік  фильмнің арасынан жеңімпаз атанып отыр. Дауыс беру жабық түрде өтті. Бірнеше аптадан кейін «Анаға апарар жол» фильмін Америкада киносыншылар көретін болады.

Бас продюсер Әлия Назарбаева мен режиссер Ақан Сатаевтың бірлесіп түсірген «Анаға апарар жол» картинасы өмірдің ауыртпалығына төтеп берген, қиын қыстау күндері сұрапыл соғыстың мехнатын көрген басты кейіпкердің тағдырын баяндайды. Фильмде ананың перзентіне деген шексіз махаббаты, перзентінің Отанына деген адалдығы көрсетілген.

Айта кетейік, фильмде басты рөлдерді Әділ Ахмет, Алтынай Нөкербек пен Аружан Жазылбекова сомдайды.

ДереккөзBrod.kz