Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева халықаралық турнирде қола жүлде иеленді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Монреальда өткен Autumn Classik International Skate Canada-2017 халықаралық турнирінде қола жүлдеге ие болды.

©Көрнекі фото

Спортшының әкесі Байтақ Тұрсынбаев әлеуметтік парақшасында жақсы жаңалықпен бөлісті.

«Элизабет қызымыз жаңа спорт маусымын сәтті бастады! Канаданың Монреаль қаласында өткен Autumn Classic International-2017 — Челленджер сериясының турниріндегі әйелдердің жалғыз сырғанауы аяқталды. Элизабет, еркін бағдарламаны тамаша орындап қола медаль алды! Бірінші орында — 2014 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, 2017 жылғы әлем біріншілігінің вице-чемпионы, Канаданың танымал мәнерлеп сырғанаушысы 22 жастағы Кейтлин Осмонд! Екінші орында 2017 жылғы әлем чемпионы, 18 жастағы жапондық Маи Михара. Айта кетерлігі, қысқа бағдарламада Элизабет бесінші орында болды, тек еркін бағдарламада Celin Dion мен Andrea Boselli орындауындағы «The Praer» кезінде мінсіз сырғанап үздік үштік қатарына көтерілді!», — деп жазды Б.Тұрсынбаев.

Айта кетейік, халықаралық турнирге 12 мемлекеттен 16 мәнерлеп сырғанаушы қатысты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version