Респбуликалық «Аңсар» әдеби байқауына өтініш қабылдау басталды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Social Development Center» әлеуметтік қоры республикалық «Аңсар» әдеби байқауын ұйымдастырып отыр.

Жобаның мақсаты — ел жастарының шығармашылық әлеуетін дамытып қана қоймай, сонымен бірге жас журналисттер, жазушылар мен ақындардың кәсіби өсуіне жол ашу. Сондай-ақ, жұртшылықты журналистика әлеміне қадам басқан қаламгерлердің, жазушылар мен ақындардың жұмысымен таныстыру, қоғамдағы этносаралық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға үлес қосу.

Байқауға 14 және 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде үш номинация бойынша қабылданады. Номинациялар — «Шағын проза», «Поэзия» және «Публицистика». Қатысу үшін өтінішдер www.konkursansar.kz электронды сайты арқылы қабылданады.

Айта кетейік, байқау жеңімпаздары 3 номинация бойынша 660 мың теңгеге ие болады.