Оның айтуынша, 1998 жылдан бері өндірісі тоқтап тұрған цех қайта іске қосылып, жанынан жаңа цех салынады деп жоспарлануда.
«Тоқтап тұрған цехті бір кәсіпкер сатып алды, екінші кәсіпкерге жаңадан цех салуға жер телімі берілді. Кәсіпорын 2019 жылы іске қосылып, жүзден аса адам жұмыспен қамтылады», — деді Бауыржан Қаниев.
Айта кетейік, Шалқар минералды суы ас қорыту, зат алмасуды қалпына келтіру үшін қолданылады.