Басты бет Жаңалықтар 23 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамы

23 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамы

Бүгін күндіз Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел минутына 15-20 метр жылдамдықпен соғады деп болжануда.

Республиканың кей жерлерінде тұман болып, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Павлодар облысында жел 15-20 м/с күшейіп, жекелеген ауданындарында тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Алматы облыстарында жел 15-23 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 18 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-6 градус үсік жүруі мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстары, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version