Басты бет Жаңалықтар Асылхан Төлепов «Шыңырау» фильмінде басты рөлді сомдайды

Асылхан Төлепов «Шыңырау» фильмінде басты рөлді сомдайды

Актер Асылхан Төлепов "Шыңырау" фильміне түсті. Тарихи драманың режиссері - Жаңабек Жетіруов. 

©Brod.kz

Кинокартина Маңғыстау облысында түсірілді. Тарихи драма сәуірде басталып, мамырдың соңында аяқталды.

«Шыңырауда» мен құдық қазушы Жомарттың рөлін сомдаймын. Барлық махаббат сызықтары менің кейіпкерімнің айналасында жүреді. Әкесінің қарсылығына қарамастан, ол ғашығы Ақмоншақпен қайта-қайта кездеседі. Жомарт ешкімді тыңдамайды, тіпті ата-анасының да үмітін ақтамайды. Осы ретте кейіпкерім екеуміздің айырмашылықтарымыз бар. Мәселен, мен ата-анамды бірінші орынға қоямын. Сондықтан, алғашқы кезде кейіпкерімді түсініп, образға кіру өте қиын болды», — дейді Асылхан Төлепов.

Фильм Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» шығармасының желісімен түсірілді.

Айта етейік, тарихи драма экранға келесі жылы шығады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version