Басты бет Жаңалықтар Таразда заманауи электроавтобустар шығарылмақ

Таразда заманауи электроавтобустар шығарылмақ

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында Сучжоу қаласында орналасқан «Higer Quazar» өндірістік кешенінде болып, аталған кешеннің жұмысымен танысты.

Сурет ©Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі

Тараптар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі мақсаты — инвестициялық жобаны іске асыру болып табылады.

Келісім барысында қала аралық және қала ішілік қоғамдық көліктерді сатып алу, «Quazar» атты электрлік автобустар құрастыратын зауыт құрылысын Тараз қаласында бастау жайлары да қаралды.

Айта кетейік, бұған дейін қос тарап жылына 300 электрлік автобус шығаратын зауыттың құрылысын «Тараз» индустриалды паркі аумағында соғу туралы меморандумға қол қойған болатын. Жобаның құны 3 млрд. теңгені құрайды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version