Басты бетҚоғамҚоғам белсенділері...

Қоғам белсенділері оқушыға, ұстаздар мен ата-аналарға арналған Кодекс құрастыруды ұсынды

Астана қаласы ата-аналар кеңесінің басшысы Гүлнар Омарова Парламент тыңдалымында ата-аналардың ұсынысын жеткізді.

«Біз әр мектептің ата-аналарға, оқытушыға, оқушыға арналған кодекстері болғанын қалаймыз. Сол арқылы балаларды тәрбиелеген дұрыс. Ата-ана да өзінің міндеттерін атқаруы керек. Ата-ана мен бала тең сөйлесетін болса, бала жеке тұлға ретінде қалыптасады»,- деді Гүлнар Омарова.

Оның айтуынша, Астанада ата-аналарға арналған мектеп ашу жоспарланған екен. Онда әр сенбі-жексенбі күндері балалар мен олардың ата-аналарына арналған тренингтер ұйымдастырылады.

«Мысалы, математикалық сауаттылық, ақпараттық технологиялар, басшылық туралы курстар болады. ЭКСПО көрмесінде ерікті боғлан студенттерді тартып, жұмыс істейміз. Жоғары сынып оқушылары олардан өздерін толғандырған ҰБТ сынағынан қалай өткенін сұрап біле алады. Интернетке тәуелділікті жеңу жолдарын мамандардан сұраймыз»,-деп толықтырды Омарова ханым.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев те бұл бастаманы қолдап отыр екен.