Ақылы оқуға түскісі келетіндер ҰБТ тапсырмауы мүмкін

Бүгін ҚР Парламенті Сенатында  «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық  реттеу перспективалар» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтті. Жиын барысында Ерлан Сағадиев ҰБТ-ға жаңа өзгеріс енуі мүмкін екендігін хабарлады.

«Өздеріңізде білетіндей, «Ақ жол» партиясы еліміздің жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсетіндер үшін ұлттық бірыңғай тестілеуді алып тастау туралы бастама көтерген болатын. Қазіргі таңда біз мәселені егжей-тегжейлі талқылап жатырмыз. Ұлттық бірыңғай тестіні мемлекеттік білім гранттарын бөлу құралы ретінде қалдыру ұсынылған болатын», — деді Ерлан Сағадиев.

ДереккөзInform.kz