Басты бетЖаңалықтар"Болашақ" стипендиясына...

«Болашақ» стипендиясына құжат тапсыру мерзімі ұзартылды

Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның вице-президенті Мейіржан Алпысбай мәлім етті.

Оның айтуынша, 2017 жылы «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау рәсіміне өзгерістер енгізілген

«Құжаттарды қабылдау 29 мамыр — 15 қыркүйек арасында жүзеге асырылады. Қажеттілікке және құжаттарды қабылдау мерзімінің соңында қарбалас болғанына байланысты шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссия құжаттарды қабылдау мерзімін 16 қазанға дейін ұзарту жөнінде шешім қабылдады. Іріктеу кезінде 300 үміткер, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер құжаттарын тапсырды. 29 мамырдан бастап бүгінге дейін мемлекеттік қызметкерлер санаты бойынша 113 үміткер құжаттарын тапсырды. 21-і стипендиант атанды, 11-і конкурс кезеңдерінен өте алмады. Қалғандары іріктеу үстінде», — дейді Мейіржан Алпысбай.

ДереккөзKazinform.kz