Басты бет Қоғам Орыс мектептері қазақ тілін жаңа әдістемемен үйренетін болды

Орыс мектептері қазақ тілін жаңа әдістемемен үйренетін болды

Елімізде орыс тілінде білім беретін мектептердің оқушылары қазақ тілін жаңа әдістемемен үйренетін болды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев хабарлады.

©theeducator.com

Ерлан Сағадиевтің айтуынша, жаңа әдістемеде грамматикаға қарағанда сөйлеу дағдысын арттыру қарастырылған.

«Біз грамматиканы қарапайым зерттеуден бұрын қарым-қатынас дағдыларын кеңінен қолдануға көбірек көңіл бөлеміз. Енді мәтіндерді аудару мен ережелерді жатқа білуден балалардың қазақ тілінде сөйлесуі маңызды болады. Бүгінде 1, 2, 5 және 7-сынып оқушыларына арналған жаңа оқулықтар жоғарыдағы талаптардың аясында әзірленді», ‒ деді министр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version