Басты бетЖаңалықтар0-сыныпқа арналған...

0-сыныпқа арналған әліппе дайын — Білім министрі

Жиын барысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2019 жылы еліміздегі білім беру мазмұнын толығымен жаңарту процесі толықтай аяқталатынын айтты.

«2019 оқу жылынан 0-сыныпты енгізу 0+11 жоспарланып отыр. Бұл он екі жылдық білім беру жүйесіне көшуге арналған. 0-сынып бес жастағы балалардың жүз пайыз бірінші сыныпқа дайындалуына жағдай жасайды. Әліппеге келсек, 0-сыныпқа арналған базалық оқулық жалпы дайын. Сынақтан өтіп отыр. Келесі жылы мұғалімдерді дайындау жұмысы басталады», — деді ол.

Сондай-ақ министр Ерлан Сағадиев еліміздегі білім беру мазмұнына тоқталды.

«Былтыр басталып кеткен жаңарған білім беру мазмұнына кезең-кезеңімен көшу жоспарланып отыр. Осы жылы 2, 5, 7-сыныптар көшеді. Келесі екі жылда біз жаңарған мазмұнға толықтай көшуді аяқтаймыз. Жаңарған мазмұнның мәні тек білу емес, сонымен қатар білімді өмірде қолдана білу», — деді министр Ерлан САғадиев.

ДереккөзBaq.kz