Басты бет Жаңалықтар 2 қазаннан бастап «Нұржол» бульварына көлік қою ақылы болмақ

2 қазаннан бастап «Нұржол» бульварына көлік қою ақылы болмақ

Астанада "Нұржол" желек жолындағы тұраққа көлік қою 2 қазаннан бастап ақылы болады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

©inform.kz

Тұрақтың ақысы — 100 теңге. Төлемді жұмыс күндері сағат 08:00-20:00 аралығында пайдаланған кезден бастап 30 минут ішінде төлеу керек. Көлік ақысы арнайы паркоматтың көмегімен (бұл паркоматтар 10-100 номиналындағы тиындарды қабылдайды), банк карточкасы немесе қолма қол ақша арқылы жүзеге асырылады.

Айта кетейік, толығырақ ақпаратты www.astra-park.com сайтынан немесе 8-8000-802-888 қоңырау шалып байланыс орталығынан алуға болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version