Алматыда үздік спортшылар марапатталды

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті мен жекпе-жек спорт түрлері конфедерациясының басшылары биылғы жылғы Әлем чемпионатында үздік өнер көрсеткен спортшыларды марапаттады.

Гамбургте олжа салған боксшылар мен Париж төрінде атой салған балуандар және таэквондо мен дзюдошылар арнайы тағайындалған сыйақыға ие болды. Сондай-ақ осы басқосуда грек-рим күресінің шебері Нұрбақыт Теңізбаевқа Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесі ресми түрде табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық олимпиада коммитетінің шешімімен әзербайжандық балуан Виталий Рагимов тыйым салынған дәрі-дәрмек пайдаланғаны үшін 2008 жылы ұтып алған күміс медалін қайтарып берген болатын.

Нұрбақыт Теңізбаев, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері: Бейжің Олимпиадасындағы қоламызды күміске айырбастап беріп жатыр. Кілемде ұтып алған жеңіске жететін ешқандай жеңіс жоқ деп ойлаймын. Өйткені сол уақытта, сол тұғырда тұрған қуанышты ешқашан бөлісе алмайсың. Мырзағали Айтжанов, Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері: – Спортшылардың атынан Олимпиада комитетіне және конфедерация басшылығына, Спорт министрлігіне үлкен алғсымызды білдіреміз. Әрбір спортшының және бапкердің еңбегі бағаланып, келесі үлкен жарыстарға жігерлендіреді. Жыл бойы еткен еңбегіміздің жемісін көріп жатырмыз.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!