Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысында жаңа спорт алаңы ашылды

Ақмола облысында жаңа спорт алаңы ашылды

Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде салынған нысанның құрылысына
«Samruk – Kazina Trust» КҚ бас директоры Ерлан Даримов,  ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко демеушілік көмек көрсеткен.

Салтанатты шараға облыс әкімі Мəлік Мырзалин, «Samruk — Kazyna Trust» КҚ бас директоры Ерлан Даримов,  ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко мен депутат Дархан Қалыбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Балалар ойын-спорттық алаңының ашылуы – ауданымыз үшін айтулы оқиға. Бүлдіршіндеріміз бос уақытын спортпен шұғылдануымен өткізіп, өз физикалық қабілеттерін дамыта алатын болады. Бүгінгі балалар — біздің болашағымыз! Сондықтан да мемлекетіміз оларды ешкашан көзден таса қылмай, үнемі қамқорлық жасап, назарында ұстайды. Балаларымыздың дені сау болып, сергек болу үшін ауданымызды таза және көркем күйде ұстаумыз қажет. Белсенді өмір салтын балауса кезден баулу керек. Біз ауданамызда балалар алаңдары көбірек болу үшін қолымызда барлық мүмкіндікті жасайтын боламыз»,- дейді баспасөз қызметіндегілер.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version