Ресейлік туристер Астананы ТМД елдеріндегі ең қымбат қала деп атады

Астана мен Алматы ресейлік туристтерге танымал қалалардың алғашқы бестігіне кірді.

2017 жылдың күзіндегі туристтерге танымал ТМД қалалары:

1. Минск (Беларусия)

2. Астана (Қазақстан)

3. Баку (Әзірбайжан)

4. Ереван (Армения)

5. Алматы (Қазақстан)

6. Ташкент (Өзбекстан)

7. Ашхабад (Туркменстан)

8. Киев (Украина)

9. Кишинев (Молдова)

10. Бішкек (Қырғызстан)

Агенттік бұл рейтинг туристтерді орналастыру құралдарының онлайн-тіркеу жүйесінің мәліметтеріне сараптама жасау нәтижесі бойынша құрастырылғанын айтады, деп жазады Sputniknews.kz.

ТурСтат мәліметтеріне сәйкес, туристтер үшін ТМД көлеміндегі ең арзан қалалар — Бішкек пен Кишинев болса, ең қымбаты — Астана мен Баку.

«Орта есеппен алғанда Астанаға 2 күн, тәулігіне 85 доллар, Баку — 3 күн, тәулігіне 78 доллар, Ереван — 3 күн, тәулігіне 67 доллар, Алматы — 3,5 күн, тәулігіне 65 доллар, Ташкент — 2 күн, тәулігіне 43 доллар, Ашхабад — 3 күн, тәулігіне 40 доллар, Киев — 2 күн, тәулігіне 56 доллар, Кишинев — 1 күн, тәулігіне 35 доллар, Бішкек — 1 күн, тәулігіне 32 доллар», — деп көрсетті агенттік.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version