Басты бет Жаңалықтар Екі министрліктің штат саны өзгерді

Екі министрліктің штат саны өзгерді

ҚР Үкіметі Әділет министрлігі қызметкерлері санын қысқартып, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің штат санын арттырды.

Үкіметтің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 561 қаулысы «Әділет» жүйесінде жарияланды.

Өзгерістер бойынша, Әділет министрлігінің штат саны 2 918 қызметкерден 2 891-ге дейін қысқарды. Ал ҚР АКМ штаты 247 адамнан 274 адамға дейін ұлғайды.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Еске сала кетсек, министрліктердің штат саны аумақтық органдар мен ведомствоға бағынышты мемлекеттік мекемелерді есепке ала отырып көрсетілген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version